Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Колледж туралы

Миссия – білім беру қызметі саласында мамандарды даярлау, нәтижеге бағытталған сапалы, бәсекеге қабілетті білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Болашаққа болжам – бәсекеге қабілетті және зияткерлік жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін, сапалы білім беру қызметін қамтамасыз ету үшін тиімді басқару жүйесін құру болып табылады.

Колледжде оқу – артықшылық, еңбек ету – абырой!

1923 жылдан бастап Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі деп аталатын білім беру мекемесі белсенді қызмет етуде.

Бүгінгі таңда қайта ұйымдастыру және қайта құруды басынан өткерген Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі - қалыптасқан дәстүрі, шығармашыл ұжымы бар Қазақстанның білім беру жүйесіне кадрлар даярлайтын алдыңғы қатардағы орта кәсіптік оқу орны.

Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің көпжылдық тарихы бар. 95 жыл тарихы бар біздің аймақтағы ежелгі оқу орны күн сайын білім әлеміне есігін ашады.

Білім ордасы қазақстандық білім берудің қазіргі тенденциялары мен дәстүрлерін негізге ала отырып, бәсекеге қабілетті, жоғары білікті және кәсіби, шығармашылық әлеуеті жоғар нағыз мамандарды дайындайды.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында «Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде» - деп атап өтті, қаңтар 2018

Біздің колледж заманға сай әрекет етіп келеді, сондықтан барлық жұмыс үштілділік, «Мәңгілік ел», «Рухани жаңғыру» бағдарламаларын есепке ала отырып жүргізілуде. Аталған факт уақыт талабы болып табылады, сондықтан мемлекет саясатында да, білім беру бағдарламаларында да көрініс тапқан.

Жаңа уақыт, Қазақстандық білім беру жүйесіне қойылған жаңа талаптар бізді абдыратқан жоқ, себебі біз білім беру қызметінің анағұрлым жоғары сатысына көшуіне дайын болдық. Колледжді халықаралық аккредиттеу процедурасы басталды; халықаралық МСЖ (менеджмент сапа жүйесі) МСЖ халықаралық сертификатын алуға даыйндық жүргізілуде; Педагогикалық шеберлік орталығы, Назарбаев зияткерлік мектебі және ШҚО Білім басқарамасы арасында Меморандумға қол қойылды. Колледж жаңа оқу жылынан бастап «бакалавр» біліктілігі бойынша мамандар дайындауға көшеді.

Аубакирова А.Р., Слямбекова Ж.А., Филиппов С.М., Ахметкалиева Г.М., Окасова Г.Т., Бикадамова А.А., Мироненко И.П, Завалова И.Ж., Пискунова Е.Г. сынды оқытушылар бөлімде жиырма жылдан астам уақыт бойы қызмет етуде.

Колледждің өзіне тән бір ерекшелігі бар: оқытушылардың үштен бір бөлігі оның үздік студенттері - Кайкенова А.М., Муратова А., Есмуратова К.К., Бекшойнова А.Е. Бұлар жаңа әдіс-тәсілдерді, технологияларды меңгере отырып, тәжірибе жинақтайтын, білімдерін үнемі жетілдіруден жалықпайтын өз істеріне берілген оқытушылар.

Колледж ұстаздары мен студенттері халықаралық, республикалық және облыстық кәсіби шеберлік сайыстары, олимпиадаларының бірнеше дүркін жеңімпаздары болып табылады.

Колледждің ақпараттық кеңістігі де қарқынды дамып келеді, кабинеттері қазіргі компьютерлік техникалармен жабдықталған.

Оқу орнымыз мықты елдің кадрлық әлеуеті сенімді болуы тиіс деген көзқарасты негізге ала отырып, болашаққа нық сеніммен қарайды.

Уақыт зымырап өтуде, ұрпақтар үздіксіз ауысуда. Дегенмен, бір-ақ нәрсе өзгеріссіз қала бермек, ол – колледж. Бұл түлектерін ұмытпайтын, баршаны құшақ жая қарсы алатын туған үй!

Мектептен кейін оқу орнын таңдау оңай емес, бірақ біздің колледжге оқу түссеңіз, қажетті білімді ала аласыз және мықты да беделді маман болып шығасыз!

Колледжде оқу – артықшылық, еңбек ету – абырой!