18 мая 2021 07:05
Количество просмотров: 936
16 қаңтар 2018 жылы 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 4 курс студенттері педагогикалық шеберлік сабағын өткізді. Аталған іс шараға ШҚГК директорының оқу- жөніндегі орынбасары А.Р. Аубакирова және іс- тәжірибе әдіскерлері: Завалова И.Ж., Кусаинова А.М., Пискунова Е.Г., Сычёва О.Г., Нургалиева Г.А. көрермен ретінде шақырылды.
Шеберлік сағаты өте жақсы денгейде өткізілді. Студенттер екі топқа бөлініп, шеберлік сағатының әр турында креативті іскерліктерін және инновациялық ойлауларын көрсетті. «Жаңашыл тәрбиеші» турында шығармашылық қабілеттерін көрсетсетсе, екінші «Блиц-жауап» турында студенттер өздерінің іс- тәжірибе және оқу үрдісі кезінде алған білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын көрсетті. Үшінші «Портфолио қорытындысы» турында студенттер әдістемелік іс құжаттармен жұмыс істеу және жинақтау дағдыларын көрсете алды. Төртінші «Әдістемелік пәндер бойынша шеберлік сағаты» турында студенттер әр жеке әдістемеден дәстүрден тыс тәсілдерді қолданудың тиімділігін дәлелдеді.
Шеберлік сағатының төрт турының қорытындысы бойынша екі топтың студенттері де 23 балдан алып өте жақсы деңгей көрсетті. «Үздік портфолио» номинациясы бойынша келесідей марапатталды: I- орын Губушкина Ю.А., II- орын Боровикова А.Г., Ларицкая Е.С., III орын- Ермек А.Е.