Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Новости

Құрметті ұстаздар, қымбатты студенттер, ата-аналар!

1 сентября 2021 09:09

Количество просмотров: 1390

Сіздерді бүгінгі мереке  Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Бұл мереке білім алушылардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына алғашқы қадам басқан күнімен, ал жас ұстаздардың еңбек жолының басталуымен көңілге ерекше қуаныш сыйлатын ұмытылмас сәттерімен есте қалады.

         «Болашақтың кілті –білімдінің қолында», дегендей бүгінгі заманауи технологиялар мен ғылымның қарыштап дамыған заманында – білім жүйесі де жаңа ізденістермен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді. Шәкірттеріміз де, жас мамандарымыз да, әріптестеріміз де осы талаптарға сай, барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жемісті еңбек етеді деп сенемін.
Сіздерге білім күнінде мерекелік көңіл-күй, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін!

 

Құрметпен, Абай атындағы ШҚГК директоры, т.ғ.к., Ф.Курманов