Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Мамандықтар және талапкерлерге арналған арнайы емтиханның сұрақтары

Колледж туралы Презентация.pptx

Кәсіптік бағдар беруге арналған буклет 



0110100 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

0110200 Тәрбие жұмысын ұйымдастыру (деңгейлери бойынша)

0110300 Қосымша білім беру

0110400 Бастауыш билим беру педагогикасы мен әдістемесі

0110800 Дене тәрбиеси және спорт

0110900 Негізгі орта білім берудеги тіл мен әдебиетті оқытудыңика педагогсы мен әдістемесі

0111000 Информатика


календарь Абитуриентов 2024 каз.jpg





Кәсіптік бейімділікті анықтауға байланысты сұрақтар

1. Отбасында мамандық таңдауға байланысты әңгімелер жүргізіледі ме?

2. Мұғалімдік мамандықты не септі таңдадыңыз?

3. Балалармен жүргізілетін қандай жұмыстар ұнайды?

4. Атақты, ғұлама ұстаздардан кімдерді білесіз?

5. Ұстаздар туралы қандай өлең білесіз?

6. «Менің атым Қожа» фильмі жайлы өз ойыңызды білдіріңіз

7. «Алты жасар Алпамыс» фильмі жайлы өз ойыңызды білдіріңіз

8. Егер сіз мұғалім болсаңыз, оқушы бойындағы қандай қабілеттерін дамытар едіңіз?

9. Сізге әртүрлі шығармашылық конкурстарға қатысу ұнайды ма?

10. Халықтық педагогика дегенді қалай түсінесіз?

11. Жолдастарыңызға оқу тапсырмаларын қалай орындау керектігін түсіндіруді ұнатасыз ба?

12. Таңдаған болашақ мамандығыңыз туралы қандай ойыңыз бар?

13. Мектептегі қандай пәндер сіздің сүйікті пәніңіз болды?

14. Көркем әдебиет оқыған ұнайды ма? Соңғы оқыған кітабыңыз

15. Қандай сүйікті ісіңіз бар? Не нәрсемен шұғылданған ұнайды?

16. Қызығып, тереңдетіп оқыған пәніңіз болды ма? Қай пән?

17. Ойындарда немесе жорықтарда ұйымдастырушы (командир) болғыңыз келе ме?

18. Сізді репетиторлық немесе педагогикалық қызметпен айналысу қызықтырды ма?

19. Сахнада өнер көрсеткен ұнайды ма?

20. Ұлттық тәрбие дегенді қалай түсінесіз?

21. Жастардың бойындағы қандай қасиеттерді бағалайсыз?

22. «Бой жарыстыратын заман емес...» қалай жалғастырасыз?

23. Таңдаған мамандық сізді несімен қызықтырады (- өз қабілеттеріңізді шығармашылық сипатта қолдану және дамыту мүмкіндігі, адамдармен қарым-қатынас)?

24. «Білекті бірді жығады, ...» мақалды жалғастырып, өз ойыңызды қосыңыз.

25. «Жігітке жеті өнер де аз» осы мақалды мұғалімдік мамандықпен байланыстыруға болады ма?

26. Ж.Аймауытов: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл – жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» сізідң ойыңыз

27. Сіздің ойыңызша жер бетіндегі ең маңызды мамандық деп, қай мамандықты айтар едіңіз?

28. Алғашқы ұстаз жайлы жалпы не айтуға болады?

29. Ұлы ақын Абайдың өлеңдерінен мамандыққа байланысты, оқу-білімге байланысты мысалдар келтіріңіз

30. Сіз үшін МҰҒАЛІМ деген кім?