Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Кітапханасын пайдалану ережесі

Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің
КІТАПХАНАСЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1. Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің (ары қарай – колледж) кітапханасын пайдалану ережесі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 17 тамыздағы №827 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін ұйымдардың кітапханасы туралы үлгілік ереже», «Колледж Жарғысы» және «Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің кітапханасы туралы ереже» негізінде әзірленген.

2. Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің кітапханасын пайдалану ережесі оқырмандарға қызмет көрсетудің жалпы тәртібін, олардың құқықтары мен міндеттерін реттейді.

2. Оқырмандардың құқықтары мен міндеттері

2.1. Колледж кітапханасының оқырмандары:

  • кітапхана қорының құрамы, ақпараттық қорлар және ұсынылатын кітапхана қызметі туралы толық ақпаратты алуға;
  • кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппаратын пайдалануға;
  • ақпарат көздерін іздеу мен таңдауда, сонымен қатар электронды құралдарды пайдалануда көмек ретінде кеңестер алуға;
  • абонементке және оқырман залына уақытша пайдалануға баспа материалдары мен басқа да ақпарат дереккөздерін алуға;
  • құжаттардың пайдалану мерзімін ұзартуға;
  • - ақпараттық тапсырыстарға жауаптар алуға;
  • кітапхананың өткізген іс-шараларына қатысуға құқылы.
  1. Оқырман:
  • кітапхана қорындағы баспасөз басылымдарына ұқыптылықпен қарауға; оларды өз уақытында қайтаруға; егер басылымдар оқырман формулярында жазылмаған болса, оларды кітапхана бөлмесінен өз бетімен шығаруға, оларға белгі-таңбалар салмауға, сызбауға; беттерін жыртпауға және бүктемеуге міндетті.
  • кітапты немесе басқа баспасөз басылымдарын алған уақытта оны мұқият қарап шығып, қандай-да бір ақаулық табылған болса, ол туралы кітапханашыға баяндауы керек. Ондай болмаған жағдайда, кітапты бүлдіргені үшін жауапкершілік оны ең соңғы рет пайдаланған оқырманға жүктеледі.
  • басылымды жоғалтқан немесе байқаусызда бүлдіріп алған оқырман оны тура сондай, немесе оның көшірмесімен, немесе кітапхана тең бағалы деп тапқан басқа басылыммен алмастырады.

2.3 Оқырмандарға:

  • кітапханаға сырт киіммен кіруге;
  • кітапхана бөлмесіндегі тыныштық пен тәртіпті бұзуға;
  • қызметтік бөлмелерге рұқсатсыз кіруге жол берілмейді.

3. Кітапхананы пайдалану тәртібі

3.1 Кітапхана өз оқырмандарына абонементте және оқырман залында қызмет көрсетеді.

3.2 Абонементте кітапхана оқырмандарының жазылуы

  • білім алушыларға – топтың тізіміне сәйкес;
  • оқытушылар мен қосалқы қызметкерлерге – жеке басын куәландыратын құжат негізінде жүзеге асырылады.

3.3 Абонементте оқу және әдістемелік әдебиет үйге пәнді оқыту мерзіміне қарап беріледі.

3.4 Көркем әдебиет 1-2 кітап көлемінде 20 күннен артық емес мерзімге беріледі.

  1. Оқырман залында жұмыс істеуге арналған энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалық баслымдар, мерзімді баспасөз басылымдары (журналдар мен газеттер), сирек кездесетін, данасы аз, құнды кітаптар үйге берілмейді.

3.6 Кітапхана қызметкерлерінің келісімімен оқырман залының қорындағы кітаптар түнгі абонементке беріледі, бірақ кітапханының жабылуына 30 минут уақыт қалғанда беріліп, келесі күні сағат 11-ден қалдырмай қайтарылуы тиіс.

3.7 Кітапхананың оқырман залындағы автоматтандырылған жұмыс орындарында жұмыс істеп отырған оқырмандарға:​

  • компьютерлерге кез келген бағдарламалық қамсыздандыруды орнатуға;
  • компьютерлік ойындар ойнауға;
  • компьютерде жұмыс істеу уақытын чаттарда, Интернет байланысының форумдарында хабар алмасу үшін пайдалануға;
  • компьютерлер мен басқа да техникалық құралдарды оқыту үдерісі мен кәсіби қызметке сай емес мақсатта пайдалануға тыйым салынады.

3.8 Оқырмандарға:

  • оқырман залына портативті компьютерлер мен құлаққап енгізуге;
  • ​оқырман залына оқыту үдерісі мен кәсіби қызметке тікелей қатысы бар оптикалық дискілер, дискеттер, USB жинақтауыштар әкелуіне рұқсат етіледі.

3.9 Оқырмандар компьютердің дұрыс жұмыс істемей тұрғандығын кітапханашыға бірден айтуы тиіс, оны өз бетімен қарап, жөндеуге рұқсат етілмейді.

3.10 Оқырман залындағы компьютермен жұмыс істеуге рұқсат алған оқырманның онда жұмыс істеу уақыты 1 сағат уақытты қамтиды. Кезек жоқ болған жағдайда жұмыс істеу уақыты ұзартылады.

3.11 Кітапхана қызметкерлері пайдаланушылардың компьютерде немесе желілік папкаларда сақтаған материалдары үшін жауап бермейді.

3.12 Оқырман кітапхана залындағы орналасқан компьютерлердегі жұмыс істеуін оның жабылуына 15 минут уақыт қалғанда аяқтауы тиіс.