Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Психологиялық қызмет

«Я буду рядом с тобой, но я не буду вторгаться в твой внутренний мир,  я буду поддерживать, и подбадривать тебя, чтобы ты пробовал что – то новое и чтобы рисковал на пути к познанию, но я никогда не буду толкать тебя только силой...»

 




Психологи колледжа – Колледж психологтары

Сарсенбаева Альмира Есымкановна

Сагатова Гульнур Канатовна



Осы сайтта біз керекті материалдарды жинақтадық Сіз осы   жерден таба аласыз:

  • Коррекциондық жұмыс;
  • Ата – аналарға және ересек жастағыларға арналған ақыл кеңес;
  • Тренинг жұмысы;
  • Тест жұмысы;
  • Онлайн тесті;
  • Біздің  ұйымдастырған тренингтер, фото суреттер;



«Психолог кабинеті» бөлімінде сіздер өздеріңіздің сұрақтарыңызды және проблемалық мәселелеріңізді қоя аласыздар. Міндетті түрде психолог көмегіне сүйеніңіз. Сіздің сұрағыңыз біздің анонимді телеграмм каналымызға  жіберіледі.

   





Құрметті білім алушылар, колледждің психологиялық қызметі сіздерге апта сайын пайдалы ақпарат жіберіп отырады. Оқыңыздар! Өз-өздеріңізді дамытыңыздар! Бақытты болыңыздар!

 

Студенттік жылдар – адам өміріндегі ең жарқын сәттер. Осы жылдары жастар қоғамда өз орындарын тауып, болашақ жұмысының алғышарты болатын мамандық алады. Сондықтан, оқудың алғашқы күндерінен бастап, қажетті жұмыс ырғағына көшкен абзал, соның арқасында тамаша студенттік өмірден тек жағымды эмоцияларды сезінуге болады.

Біздің колледжде оқу соншалықты қиын емес, ең бастысы, оқу орнының жұмыс істеу ырғағын ұстанып, қажеттінің барлығын назарда ұстау қажет.

Колледжде өміріне жылдамырақ бейімделу үшін сізге:

- айналадағы адамдармен байланыс орнатып, көпшіл болуға талпынған жөн;

- барлық оқытушыларыңыздың аты-жөнін біліп, барлық сабақтарға қатысып, тобыңыздағы білім алушылармен байланыс орнатқан қажет;

- сабақтарды дұрыстап оқуға талпынған жөн, себебі, студенттік өмір – адам өміріндегі ең маңызды және қарқынды уақыттардың бірі;

- сабаққа қатыспау және сабаққа келмеудің жинақталуы келеңсіз салдарға әкелетіндігі жайлы ұмытпай қажет;

- барлық лекцияларға қатысып, барлық тапсырмаларды орындаған жөн;

- жаңа күн тәртібін реттеу, яғни, сабақ оқуға қанша уақыт бөлуге, өз қабілеттерін арттыруға, демалыс пен бос уақытты өткізуге қанша уақыт бөлу керектігі жайлы ойластырған абзал;

- кез келген жағдайда, тіпті ең қиын жағдайда да, өз болмысыңызды сақтаңыз;

- шығармашылық даму мен спортқа уақыт бөлген жөн;

- жаңа білімді сәтті меңгеру үшін кешкі уақытта бүгін қандай жаңалық алғаныңыз жайлы еске түсіріп, ой елегінен өткізген пайдалы, ал алған біліміңізді достарыңызбен, ата-аналарыңызбен бөліссеңіз немесе ең болмағанда, дәптер бетіне түсіруге болады. Бұл жақсы әдет (сөйлеу, естігеніңізді түсіну, маңызды ақпаратты бөлектеу) сіздің миыңызға барлық білімді «сөрелерге» қоюға және оны қажетті уақытта қолдануға көмектеседі.

 

Сәттілік тілейміз!

Колледждің психологиялық қызметі (114 каб.)