Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

Аккредиттеу

Аккредитация Аккредитация Аккредитация Аккредитация Аккредитация

11 мая 2021 12:05

Количество просмотров: 1165

2021 жылдың 05-06 мамыр аралығында білім беру ұйымымен жүзеге асатын білім беру бағдарламаларының сапасын бағалауды жүзеге асыру мақсатында Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің «Негізгі орта білім беру» ББ аясында «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі», «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктіліктері «ARQA аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау бойынша тәуелсіз агенттігі» сарапшы тобы жұмыс жасады.

Аккредиттеу барысында колледж директоры, т.ғ.к. Ф.Курмановпен, колледж әкімшілігімен, оқытушылық құраммен, студенттермен, түлектермен, жұмыс берушілермен сұхбат жүргізді.

Сонымен қатар колледждің материалдық-техникалық базасымен, оқу-тәрбие үдерісімен, нормативтік-құқықтық құжаттарымен танысып, практика базаларын аралап, әлеуметтік серіктестермен кездесті. Біліктіліктер бойынша ZOOM платформасында өткізілген оқу сабақтарына қатысты.

Сарапшы топ өз кезегінде жағымды пікірлер білдіріп, ұсыныстар айтты.