Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

«100 игі іс» акциясы

21 марта 2023 11:03

Количество просмотров: 421


Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлықтың аясында «100 игі іс» акциясын іске асыру барысында студенттеріміз тағы бір қайырымдылық іс жасады.

21-ББВ-1 тобының студенттері Өскемен қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы А.Нұркенованың қатысуымен Абай атындағы ШҚМУ фельдшері М.Ж. Омарованың ұйымдастыруымен 2023 жылдың 20 наурызында А.Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектептің дайындық сыныптарының оқушыларына «Біз туберкулезді жеңе аламыз» атты театрландырылған қойылым өткізді.

Қойылым барысында балаларға «Туберкулез дегеніміз не?» және бұл ауруға қарсы вакцинацияның маңыздылығын жеткізді.