11 июня 2026 04:06
Количество просмотров: 12
«Таза сессия» акциясы аясында 11 маусым күні студенттер арасында академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға және емтихан сессиясы кезеңінде білім алушылардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Акция барысында студенттермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, академиялық адалдықты сақтау, емтихан кезінде тыйым салынған материалдарды пайдалануға жол бермеу және білімді өз бетінше меңгерудің маңыздылығы туралы мәселелер талқыланды.
Іс-шараның шығармашылық бөлігі қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Студенттер арнайы дайындалған плакаттарға алақандарын түрлі-түсті бояуға бояп, іздерін қалдыру арқылы символикалық акцияға қатысты. Әрбір алақан ізі адалдықтың, жауапкершіліктің және емтихан сессиясын әділ тапсыруға деген ұмтылыстың белгісіне айналды.