Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

02 қазан 2024 жылдан бастап колледж қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіледі.

25 сентября 2024 05:09

Количество просмотров: 985

02 қазан 2024 жылдан бастап колледж қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіледі.

«Абай атындағы ШҚМҚК» КМҚК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-5 Заңына, 2016 жылғы 21 қарашадағы № 14441 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына», сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі-«Абай атындағы ШҚГК» КМҚК)

Талданатын қызмет кезеңі: 01.11.2023 ж. бастап 01.10.2024 ж. дейін 11 ай.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) колледж қызметін қозғайтын ішкі нормативтік құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

2) колледждің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау