6 мая 2023 01:05
Количество просмотров: 1353
2023 жылдың 6 мамыры күні колледжіміздің 100 жылдық мерейтойы аясында және «100 игі іс» акциясы шеңберінде оқу орнымыздың әкімшілік-оқытушылық құрамы мен білім алушыларынан құралған «Абайдан Абайға» автокеруені Абай облысындағы ұлылар мекенінде болып қайтты.
Сондай-ақ, автокеруенге біздің оқу орнымызда өткен облыстық «Тілдарын» олимпиадасының жеңімпазы ретінде осы керуенге қатысуға жолдама берілген Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ жоғары IT колледжінің студенті мен оқытушы бірге қатысты.
Саяхаттаушылар Күшікбай батыр асуы, Еңлік-Кебек ескерткіші, Әуезовтің Бөрілідегі мұражай-үйі, Абайдың әдеби-мемориалдық мұражай-үйі т.б тарихи-мәдени ескерткіштер кешенімен танысып, ұлы ақынның өмір сүрген, оқыған киелі мекені, Еуразияның кіндігі Жидебайды тамашалап қайтты.
«Абайды ұлықтау, Абайды ұмытпау» мақсатындағы бұл автокеруен алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.