1 апреля 2025 04:04
Количество просмотров: 1193
01.04.2025 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі студенттерімен дәстүрлі «Ай қонағы» бағдарламасы ұйымдастырылды.
Бағдарлама қонағы ретінде С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Қасенов Сәкен Тоқанұлы қатысты.
Сәкен Тоқанұлы әдебиет, тіл жайлы өзінің ғылыми көзқарасын білдіріп, зерттеу еңбектерге шолу жасап өтті. Сонымен қатар С.Аманжолов университеті жайлы толық ақпарат беріп, болашақ мамандарға кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Студенттер тарапынан ғалым- ұстазға әртүрлі сұрақтар қойылып, өзара пікір алмасты.