23 декабря 2022 05:12
Количество просмотров: 1405
2022 жылғы 23 желтоқсанда Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің базасында «Қазақстан колледждерінің үздік 100 студенті-2022» байқауының облыстық және республикалық деңгейдегі жеңімпаздарына құрмет көрсетілді.
Ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында өткен байқаудың облыстық кезеңінде облыстың 22 колледжінен 27 қатысушының материалдары қаралды. Осы студенттердің 10-ы республикалық кезеңнен өтті, олардың жұмыстары TOP 100 OUTSTANDING KZ TVET STUDENTS интернет-ресурсында орналастырылды.
Біздің облыстан үш студент Қазақстанның үздік 100 колледж студенттерінің қатарына енді: колледжіміздің 4-курс студенті Жанерке Қасенова (7684 дауыс, Қазақстанның Үздік колледж студенттері рейтингінде 5-орын), Бекзат Мұратбеков, Өскемен жоғары политехникалық колледжі (3291 дауыс, 28-орын), Голов Вячеслав Александрович, Риддер аграрлық-техникалық колледжі (1810 дауыс). Қалған 7 студент интернет-платформада қажетті дауыс санын ала алмаса да, жеңімпаз болып табылады. Студенттерге дипломдар мен Құрмет грамоталары, ақшалай сыйлықтарға сертификаттар, жұмысқа орналасуға жолдамалар салтанатты түрде табыс етілді.
Бұл студенттердің барлығы өз оқу орындарының ғана емес, бүкіл Шығыс Қазақстанның мақтанышы!