25 февраля 2026 08:02
Количество просмотров: 35
Онкүндік аясында 2026 жылдың 25 ақпаны күні «Жауапкершілік. Заң. Болашақ» атты Құқықтық күн өтті. Колледж студенттері Өскемен қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Р.Ахметжановмен кездесті. Аталған кездесу есірткі қолдану мәселесіне және оны таратуға байланысты жауапкершілікке арналды.
Іс-шара студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталды. Шақырылған қонақ студенттерге есірткі заттарын қолданудың ауыр салдары туралы айтып берді. Сонымен қатар студенттерге есірткіні сақтау, қолдану және тарату үшін заңда қандай жауапкершілік қарастырылғаны түсіндірілді.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, есірткі саудасы үшін қатаң жаза қарастырылған, тіпті ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін барады. Прокурордың айтуынша, кейде жастар заңды білмеуінен немесе айналасындағы адамдардың ықпалынан заңсыз әрекеттерге араласып кетуі мүмкін. Сондықтан әр адам күмәнді ұсыныстардан бас тартып, «жоқ» деп айта білуді, сондай-ақ әрқашан өз іс-әрекетінің салдары туралы ойлауды үйренуі керек.