12 апреля 2023 03:04
Количество просмотров: 1284
2023 жылдың 11 сәуірі күні Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 100 жылдық мерейтойы аясында «Ғылым шеруі» онкүндігі жоспарына сәйкес «Ғажайып роботтар әлемі» атты іскерлік ойыны өтті.
Іскерлік ойынды «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» пән бірлестігі және 4-курс білім алушылары ұйымдастырды. Олар мектепке дейінгі мекемелерде қолданылатын робот- тышқан, Альфа-робот, Лего WEDO роботтарымен танымдық ойындар ойнатып көрсетті.
Колледждің 20-ББ-1, 21-ШТ- 2, 21-МД-3, 22-ИМ-1 топтары белсене қатысып, танымдық ойындарға деген қызығушылықтарын көрсетті.
Жаңа заманның жаңа талаптарына тез бейімделу еліміздің қарқынды дамуына апаратыны сөзсіз. Ел болашағы жастардың қолында деп білеміз.