28 апреля 2023 05:04
Количество просмотров: 1357
Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасы» КММ-де 2023 жылғы 28 сәуірде колледж студенттері №2 қалалық емхананың дәрігер-терапевтімен «Бұл бізге қажет емес!» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шарада зиянды әдеттер – алкоголизм, темекі шегу және есірткіні қолдану, олардың адам ағзасына тигізетін зияны, осы әдеттердің алдын алу туралы айтылды. Сондай-ақ, дәрігер дәрумендердің адам ағзасына пайдасы туралы айтты.
Салауатты өмір салты, денсаулық туралы ақпарат берілді. Дәрігер-терапевт тренинг, ойындар өткізді, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Кездесудің соңында «Есірткі жас өмірді уландырады» кітап көрмесі ұсынылды.