20 октября 2022 10:10
Количество просмотров: 1461
Республика күні қарсаңында колледж студенттері мен оқытушылары 2022 жылдың 20 қазанында № 8 арнайы мектеп – интернатының оқушыларын құттықтады.
Мектеп-интернатының балаларына мерекелік концерт ұйымдастырылып, колледж студенттері тарапынан қызықты ойын-сауық жүргізілді, атап айтсақ: Альфа роботының би музыкасымен оқушылар би билеп, «Саналы Ұрпақ» дамытушылық кешенді ойынын ойнады, балаларға арналған планетарийде танымдық фильмдер көрсетілді.
Оқушылар біздің студенттерге сахнада би билеп, ән айтып, өздерінің өнерлерін көрсетіп, көрермендерді тамсандырды. Колледж күні қызықты да, көңілді өтті.