17 марта 2025 03:03
Количество просмотров: 1029
2025 жылдың 17 наурызы күні Наурызнама онкүндігі аясында оқу орнымыздың «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің ұйымдастыруымен «Мәдениет және салт-дәстүр күні» өтті.
Бұл күні қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан асыл дәстүрлерін насихаттау мақсатында қыз ұзату және беташар дәстүріне байланысты музыкалық-театрландырылған көріністер қойылды. Аталған іс-шара қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғыртумен қатар, оның тәрбиелік мәнін жас ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік берді.
«Салт-дәстүрімізді дәріптеу – біздің парызымыз!» деген ұстанымды негізге ала отырып, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің студенттері мерекені мазмұнды әрі әсерлі етіп ұйымдастырды.