9 мая 2026 04:05
Количество просмотров: 8
Бүгін колледж студенттері Стрелка мемориалында қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға арналған салтанатты гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Бұл шара еліміздің бейбіт өмірі мен болашағы үшін жанын қиған батырларға деген құрмет пен алғыстың, олардың ерлігін ұмытпай, жадымызда сақтаудың белгісі болды.
Іс-шара барысында қатысушылар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың ерлігі мен батырлығына терең ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар, қала автобустарында соғыс жылдарындағы әндер шырқалып, бұл акцияға қала тұрғындары да ерекше ықыласпен қатысты.