19 апреля 2022 06:04
Количество просмотров: 1884
2022 жылдың 19 сәуірінде Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде С.Аманжолов университеті күні өтті. Осы күн аясында «Тағлымы мол тарихи тұлға» атты Еңбек ардагері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, педагог Асқар Ислямовқа арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел «Тағлымы мол тарихи тұлға» тақырыбындағы Асқар Ислямовтың еңбек жолына арналған жылжымалы көрмеден басталды. Дөңгелек үстел жұмысына колледж директоры тарих ғылымдарының кандидаты Ф.С.Курманов, «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ Басқарма төрағасы - ректор, профессор М.Ә.Төлеген, педагогика ғылымдарының докторы А.Қ.Игібаева, филология ғылымдарының докторы Жылқыбаева А.Ш., тарих ғылымдарының кандидаты Р.С.Чекетаева, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ғылыми кітапханасының директоры П.К.Нұралиева, тарих магистрі, аға оқытушы Л.К.Жаманбаева, 44 орта мектептің тарих пәнінің оқытушысы Айтқожин Қайрат, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің педагогика және арнайы пәндер оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі М.Т.Даутова қатысты
Сонымен қатар дөңгелек барысында Ислямовтардың педагогикалық әулетінен Ислямова Шынар Аскаровна, Аскаров Аманжол Аскарович өз ойларын ортаға салды.
Күннің екінші жартысында М.Ә.Төлеген колледждің болашақ түлектерімен кәсіптік бағдар жұмысын жүргізді. Колледждің 4 үздік түлегіне университет грантының сертификаттарын табыстады. Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде Аманжолов университеті күні университет студенттерінің мерекелік концертімен аяқталды.