5 сентября 2024 02:09
Количество просмотров: 1027
«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп айтып кеткен, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай бүгін, 5 қыркүйек күні барша қазақстандық Тілдер мерекесін атап өтуде.
Атаулы мерекені оқу орнымыздың «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Тілдер» пән бірлестік оқытушылары ұйымдастырып, өткізді. Мереке аясында студенттер арасында «Тілім менің – биік ұстар байрағым» атты жыр керуені, «Speech rainbow» викториналық ойыны, «Британдық гений», «Поединок филологов» атты зияткерлік сайыстары жүргізілді. Іс-шаралар барысында колледж білім алушылары белсенділік танытып, үш тілде ұйымдастырылған әртүрлі сайыстарға қызыға қатысты.
Тіл – мемлекеттің басты айшығы, елдігіміздің тұғыры. Тіл – таусылмайтын байлық.
Құрметті студенттер, ата-аналар, ұстаздар! Сіздерді Қазақстан халқы тілдер күні мерекесімен құттықтаймыз!