Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Білім күні

День знаний День знаний День знаний День знаний День знаний

1 сентября 2024 02:09

Количество просмотров: 1597

Адам өміріндегі сарқылмас қазына – ол білім. Адам баласы арман, мақсаттарына білім арқылы ғана қол жеткізе алады. Бүгінгі студент - бәсекеге қабілетті, санасы ашық, халқымыздың рухани-адамгершіліктерін бойына сіңірген тұлға болуы керек.

1 қыркүйек - білім күні оқу орнымыз талапкерлерді, студенттерді құшақ жая қарсы алды. Оқуға түсуге өтініш білдірушілер саны жыл сайын артып келеді, бұл колледж мәртебесінің жоғары екендігінің айғағы.

Салтанатты іс-шараға ардагер ұстаз М.Ж.Жумагулова, колледж түлектері армрестлингтен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дурсаева Деши және көркем гимнастикадан спорт шебері Шотанова Назерке қатысып, білім алушыларды, оқытушыларды және ата-аналарды Білім күнімен құттықтады.

Колледж директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Ф.Курманов болашақтың бағдаршамы болған ұстаздарды және келешек мамандарды Білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылына табыстар мен жаңа бастамалар тіледі.