17 сентября 2025 03:09
Количество просмотров: 171
2025 жылдың 17 қыркүйегі күні Дін істері басқармасының теолог маманы Б.Ж.Қасымжановтың қатысуымен студенттерге арналған пікірталас алаңы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында білім алушыларға қазіргі қоғамдағы діни ағымдар, олардың шығу тарихы мен ықпалы, сондай-ақ түрлі конфессиялардың ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Теолог-маман жастармен ашық пікір алмасып, дін туралы білімді ресми дереккөздерден алу және радикалды көзқарастардан сақтану қажеттігін атап өтті.
Бұл кездесу жастардың діни сауатын арттырып, сыни ойлау қабілетін дамытуға үлкен септігін тигізді.