14 июня 2025 02:06
Количество просмотров: 676
Шығыс Қазақстан облысында «Қонақжай отбасы» жобасы дәстүрге айналды. Оның аясында облыстың түкпір-түкпірінен келген оқушылар қазақ тілін үйрену үшін Катонқарағай ауданына демалысқа шықты.
2025 жылдың 14 маусымы күні «Ақ ниет» мектеп-интернатының аумағында оқу орнымыздың ерікті студенттері жобаға қатысатын оқушылармен кездесу өтті.
Кездесу барысында білім алушылар қатысушыларға қонақжай отбасыларына орналасу және жайлы тұру әдептері туралы кеңестері, бір-бірімен таныстыруға бағытталған түрлі іс-шаралар және би, конкурстар, флешмоб өткізді.
Жоба аясында тақырыптық әңгімелер, зияткерлік ойындар, бос уақытты тиімді өткізуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.
Оқу орнымыздың ерікті студенттеріне алғыс білдіреміз.