27 февраля 2023 07:02
Количество просмотров: 1328
Біздің сүйікті колледжіміздің 100 жылдығы қарсаңында барлық студенттер «100 игі іс» акциясына құлшыныспен қатысуда.
2023 жылдың 27 ақпанында 21-шт-2 тобының студенттері «Адал жүрек» жануарлар паналайтын орынға барып, қамқорсыз қалған жануарларға тамақ берді.
Сонымен қатар, студенттер мұқтаж жандарға киім жинап, оны «Халифа Алтай» мешітіне өткізді. Игі іс бұнымен ғана шектелген жоқ, білім алушыларымыз сонымен қатар аязды күндерде коммуналдық қызметкерлерге, және аялдамада автобус күтіп тұрған қарапайым адамдар үшін ыстық сусындар мен тағамдар таратуды ұйымдастырды.