12 октября 2025 04:10
Количество просмотров: 81
12 қазан 2025 жылы ШҚО 2006–2008 жылы туған кадеттер арасында дзюдодан ШҚО Чемпионаты өтті. Аталған Чемпионатта оқу орнымыздың «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 4-курс (22-ДТ-1 тобы) студенті Сәбеш Аружан І орын, 3-курс (23-ДТ-1 тобы) студенті Рауанұлы Темірлан І орынды иеленді.
Сондай-ақ, осы күні Ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан өткен ШҚО Чемпионатында Сәбеш Аружан ІІ орын, 2-курс студенті (24-ДТ-1 тобы) Мұратов Амир І орын, 3-курс (23-ДТ-1 тобы) студенттері Нұржанұлы Дамир және Асхатұлы Расул жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды.
Колледжіміздің мақтанышына айналған спортшы студенттерімізді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!