10 октября 2024 03:10
Количество просмотров: 2246
2024 жылдың 7-10 қазан аралығында 2008-2009 ж.ж. жасөспірімдер арасында волейболдан ШҚО күзгі Лигасының чемпионаты өтті.
Чемпионатта оқу орнымыздың «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 1-курс студенттерінен құралған команда (Хасанов Ахметжан, Ботанов Ілияс, Қалымбеков Хантөре, Берікұлы Бекарыс) 1-орынды жеңіп алды. Жарыста «Үздік байланыстырушы» номинациясы Хасанов Ахметжан (24-дт-2 тобы), «Үздік ойыншы» номинациясы Ботанов Ілиясқа (24-дт-2 тобы) берілді.
Спортшы студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!