Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Колледжде қонақта...

Гости нашего колледжа Гости нашего колледжа Гости нашего колледжа Гости нашего колледжа Гости нашего колледжа Гости нашего колледжа Гости нашего колледжа Гости нашего колледжа Гости нашего колледжа Гости нашего колледжа Гости нашего колледжа Гости нашего колледжа Гости нашего колледжа Гости нашего колледжа

15 марта 2022 06:03

Количество просмотров: 1700

Ынтымақтастық туралы меморандум аясында колледж 15 наурызда әлеуметтік серіктес болып табылатын ШҚО білім басқармасының «№ 8 арнайы мектеп-интернаты» КММ қарсы алды. Наурыз мерекесі қарсаңында келген қонақтар үшін қызықты ойын-сауық бағдарламасы дайындалды.

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі орталығында мектеп жасына дейінгі мектеп-интернатының оқушыларымен колледж студенттері интерактивті құм, «Ақылды еден» сынды түрлі ойындар ойнап, Планетарийде балаларға арналған танымдық фильмдер көрсетілді.

Орта және жоғары жастағы оқушылар викторинаның күрделі сұрақтарына жауап берді, «Роботехника» кабинетінде роботтарды жинады, спорт залында эстафетада жарысты, колледж тирінде ату жаттығуын өткізді.

Іс-шараға Қамқорлық кеңесінің мүшесі Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Арай Есенбекова да қатысты.

Әрине, қонақжайлығымыздың бір көрінісі - мерекелік Наурыз дастарқан. Қонақтарымыз Наурыз-көже, бауырсақ, тәттілерден дәм татты.

Колледж студенттері № 8 арнайы мектеп-интернатының оқушылары үшін көңілді, мерекелік концерт дайындады. Қонақтар тарапынан да ән шашу сыйға тартылды. Осылайша, бүгінгі күн өте қызықты және көңілді өтті.