3 мая 2024 02:05
Количество просмотров: 2074
Еліміздің бірқатар аймағындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты 2024 жылдың 3 мамыры күні «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК оқытушылары, қызметкерлері мен білім алушылары табиғи апаттан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетті.
Гуманитарлық көмек «AMANAT» партиясының ШҚО филиалына тапсырылды. Осылайша, оқу орнымыз су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмектесуге өз үлесін қосты. Ең бастысы, ел болып көмек көрсетуді жалғастырайық!