21 октября 2025 12:10
Количество просмотров: 102
2025 жылдың 21 қазанында оқу орнымыздың студенттік ассамблеясы Республика күніне арналған 1-курс студенттері арасында «Ұлы Дала QVIZ» атты интеллектуалды викторина ұйымдастырды.
Ойын төрт тақырыптық турдан тұрды: «Қазақстан туралы сұрақтар», «Қазақстан халқы ассамблеясы», «Қазақ фильмін тап» және «Қазақ әнін тап». Қатысушылар өз білімдері мен эрудицияларын көрсетіп, командалық рухтарын айқындады!
Викторина нәтижесі бойынша орындар былайша бөлінді:
1 орын — 25-ШТ-1 тобы
2 орын — 25-ИМ-1 және 25-ФК-1 топтары
3 орын — 25-МД-1, 25-НО-1, 25-ДО-1 және 25-ББ-1 топтары
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, барлық қатысушыларға еліміздің тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылықтары мен белсенділіктері үшін алғысымызды білдіреміз!