18 апреля 2023 04:04
Количество просмотров: 1266
2023 жылдың 18 сәуірі күні колледждің 100 жылдық мерейтойы аясында «Ғылым шеруі» онкүндігінің жоспарына сәйкес «Жалпы техникалық және математика» пән бірлестігінің ұйымдастыруымен «Білім беру үрдісінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану» тақырыбында колледж оқытушыларына арналған шеберлік сабағы өтті.
Шеберлік сабақта қазіргі кездегі компьютерлік техника құралдарының кеңінен таралуы, Xmind интеллект-картасы арқылы жұмыс істеудің артықшылықтары, Classtime оқу процессін мониторингілеу үшін ыңғайлы сервис, Quizizz викториналар, тесттер және сауалнамалар жасауға арналған бағдарлама, Genially ғаламтордағы интерактивті презентациялар жасау веб-құралы т.б бағдарламаларда жұмыс жасау әдістемесін тиімді көрсетті.