Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

«QUIZ» зияткерлік сайысы

Интеллектуальный конкурс «QUIZ» Интеллектуальный конкурс «QUIZ» Интеллектуальный конкурс «QUIZ»

22 ноября 2024 04:11

Количество просмотров: 1560


2024 жылдың 22 қараша күні «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 4 курсының (21-МД-2 тобы) білім алушылары мен Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №6 «Күншуақ» балабақша-бөбекжайының тәрбиешілері арасында практика жетекшісі С.Е.Тюлекпаеваның ұйымдастыруымен «Білекті – бірді, білімді – мыңды жығар» атты «QUIZ» зияткерлік сайысы өтті.

«QUIZ» зияткерлік сайысының мақсаты – тәрбиешілердің ой-өрісін, білімін жетілдіру, бос уақытын тиімді өткізуге жәрдемдесу.

Тәжірибе барысында ұйымдастырылған іс-шара машықкерлерге ұжыммен жұмыс жасау барысында өзара ынтымақтастық, сенімділік сияқты қасиеттерді нығайта түсті. Бірнеше кезеңнен тұратын «QUIZ» зияткерлік сайысы қызықты да тартымды өтіп, ойын соңында жеңімпаз командалар анықталып, дипломдармен марапатталды.

Балабақша директоры Ү.С.Ережепова ұжым атынан алғысын білдірді.