22 мая 2026 04:05
Количество просмотров: 11
2026 жылдың 22 мамыр күні колледж студенттері «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саировмен «Бір толқында» атты кездесуге қатысты.
Кездесу барысында жастардың саяси белсенділігі, шалғай аймақтардағы жұмысқа орналасу мәселелері, жас мамандарды қолдау және студенттерге көрсетілетін әлеуметтік қолдау түрлері жан-жақты талқыланды. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, депутатпен ашық пікір алмасты.
Диалог алаңы жастардың қоғамдағы рөлін арттыруға, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және болашақ мамандарға бағыт-бағдар беруге үлкен мүмкіндік болды. Кездесу студенттерге ерекше әсер қалдырып, ел болашағына қатысты маңызды ойлармен бөлісуге жол ашты.