Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

ШҚО ТжКОБ ұйымдары педагогтерінің инновациялық жұмыстары аймақтық байқауының қорытындысы

11 октября 2021 04:10

Количество просмотров: 1117

2021 жылғы 08 қазанда ШҚО ТжКОБ ұйымдары педагогтерінің инновациялық жұмыстары республикалық байқауына аймақтық деңгейде іріктеудің қорытындысы шығарылды.

Байқаудың мақсаты – педагогикалық идеялар, бастамалар мен жобаларды анықтау, ТжКОБ педагогтерінің озық тәжірибелерін жалпылау.

Комиссияның қарауына бағыттар бойынша 66 жұмыс ұсынылды.

Байқау комиссиясы қатысушылардың ұсынған материалдарын қашықтық форматта қарап, үздік деп танылған жұмыстарды ТжКОБ ұйымдары педагогтерінің инновациялық жұмыстары республикалық байқауына жолдайды.

Колледжіміздің келесі оқытушылары жүлделі орындарға ие болды: «Оқу жұмысына арналған әдістемелік өнімдердің үздік жұмысы» 1 орын – А.Е.Бекшойнова, «Электронды білім беру ресурстарының үздік жұмысы» 2 орын – А.А.Касенова, «Тәрбие жұмысына арналған әдістемелік өнімдердің үздік жұмысы» 1 орын – Р.М.Жакашев.

Облыстық байқаудың жеңімпаздарын құттықтаймыз және Републикалық байқаудан жоғары көрсеткіштерге қол жеткізулеріне тілектеспіз.