Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

​«Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 үздік студенті» республикалық байқауының қорытындысы

Итоги республиканского конкурса «Топ 100 лучших студентов колледжей Республики Казахстан» Итоги республиканского конкурса «Топ 100 лучших студентов колледжей Республики Казахстан»

19 ноября 2021 01:11

Количество просмотров: 1189

«Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 үздік студенті» республикалық байқауының қорытындысы бойынша еліміздің 17 өңірінен 170 студент бақ сынасып, үздік 100 студенті ғана жеңіске жетті.Аталмыш жобаға оқу орнымыздың «Тіл және әдебиет» бөлімінің 3-курс студенті Уатханова Анель қатысып, үздік 100 студенттің қатарына енді.

«Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» жобасы белсенді жастарды қолдау және колледждерде кадрлар даярлауды танымал ету мақсатында өткізіледі. Байқаудың жеңімпаздары – оқуда және қоғамдық өмірде жақсы нәтиже көрсеткен дарынды балалар, үлгерімі жақсы студенттер, студенттік өзін-өзі басқару қозғалысының көшбасшылары. Байқау жеңімпаздары өз мамандықтары бойынша кәсіпорындардың бірінші басшыларынан жұмысқа шақыру алады.

Жоба жеңімпазын тұғырлы жеңісімен құттықтаймыз!