10 апреля 2026 08:04
Количество просмотров: 15
Біздің колледжде студенттік өзін-өзі басқару президентінің сайлауы өтті. Бұл сайлау студенттердің белсенділігі мен көшбасшылыққа деген талпынысының жоғары деңгейде екенін көрсетті.
Үміткер ретінде үшінші курс студенттері: Қилымбеков Талғат, Сембаева Нұрзат және Оразғали Адал ұсынылды. Сайлауалды науқан дауыс беру күнінен бірнеше күн бұрын басталып, әр үміткер өз портфолиосын, сайлауалды бағдарламасын және өзін-өзі таныстыруын ұсынды.
10 сәуір күні дауыс беру күні өтті. Жалпы саны 1055 студент дауыс берді. Дауыс беру екі тәсіл арқылы ұйымдастырылды: қағаз түрінде дауыс беру жәшігі арқылы (715 студент) және өндірістік тәжірибеден өтіп жүрген студенттер үшін Google Forms онлайн платформасы арқылы (340 студент).
Дауыстарды ұзақ әрі мұқият санау нәтижесінде студенттік өзін-өзі басқарудың жаңа президенті анықталды. Бұл лауазымға 630 дауыс жинап (59,7%), Қылымбеков Талғат сайланды.
Аталған сайлау колледж өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі болды. Ол студенттердің белсенділігі мен жауапкершілігін айқындап қана қоймай, алдағы уақытта тиімді ынтымақтастыққа жол ашты. Жаңа президент сайлаушылардың сенімін ақтап, студенттік өмірдің дамуына зор үлес қосады деген сенімдеміз.