Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

Колледж барысы – 2022

Колледж барысы-2022 Колледж барысы-2022 Колледж барысы-2022 Колледж барысы-2022 Колледж барысы-2022 Колледж барысы-2022 Колледж барысы-2022 Колледж барысы-2022

10 декабря 2022 08:12

Количество просмотров: 644

Өскеменде қазақша күрестен жыл сайынғы «Колледж барысы-2022» облыстық жарысы өткізілді. Биылғы жылы Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі ұйымдастырды. Жарыстың мақсаты - Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру, жастар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дене тәрбиесі мен көпшілік спортты дамытуға ықпал ету, осы спорт түрінің танымал етуге ат салысу, ТжКБ оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады.

Аталған жарысқа облыстың 10 колледжінен 16 студент қатысты. Балуандар екі салмақ дәрежесінде бақ сынасты: 70 және 90 кг.

Жарыс нәтижелері келесідей:

70 кг: І орын – Еркін Нұржол (Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі); ІІ орын - Демеубеков Ұлан (С.Аманжолов атындағы ШҚУ жоғары колледжі); ІІ орын – Ержанұлы Нұрдәулет (Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы колледжі).

90 кг: І орын - Арманұлы Асанәлі (Өскемен жоғары медициналық колледжі); ІІ орын - Батбаяр Бахатбек (Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі); ІІІ орын - Мырзабек Ринат (Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі).