26 февраля 2025 03:02
Количество просмотров: 1239
2025 жылдың 26 ақпаны күні колледж студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы еріктілерге арналған облыстық семинар-тренингке қатысты. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне тарту мақсатында жұмыс істейді. Іс-шараның мақсаты – Шығыс Қазақстан облысында «Заң және тәртіп» нарративін насихаттау.
Семинарға облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша департаментінің қызметкерлері, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. Семинар барысында өзекті тақырыптар бойынша қызықты және мазмұнды баяндамалар оқылды.
Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ең белсенді еріктілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және қоғам игілігі үшін жұмыс істеуге қосқан елеулі үлесі үшін облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының грамоталарымен марапатталды.
Біздің оқу орнымыздан «Саналы Ұрпақ» клубының жетекшісі Қыдырханова Альфида Сатыбалдықызы және «Бастауыш білім беру» мамандығының Ікурс студенті Жәнібекова Әмина марапатталды.