30 марта 2022 05:03
Количество просмотров: 1692
2022 жылдың 29 наурызында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 4-ДО-1, 4-ДО-3 топтарында Дипломалды практикасы бойынша қорытынды конференциясы өтті.
Қорытынды конференцияда машықкерлер практика барысында жинақталған тәжірибелерімен бөлісті, білім алушылар жоспарға сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметтері, режимдік сәттерді, ойын, еңбек іс –әрекеттері жайлы айтты.
Сонымен қатар 4-курс студенттері іс-тәжірибе барысында кездескен қиыншылықтар мен қызықты сәттерді ортаға салып, өзара пікір алмасты. Дипломалды практикасының маман болып қалыптасуға ерекше ықпал еткендігін және осы практика кезінде кәсіби дағдыларының артқандықтарын ерекше атап өтті.