23 октября 2024 01:10
Количество просмотров: 962
2024 жылғы 23 қазанда «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Республика күнін мерекелеу қарсаңында «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы, «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының І курс (24-НО-1, 24-РЯ-1, 22-НО-1, 22-РЯ-1) топтарының студенттері арасында «Өз Отанымды жақсы көремін және ол туралы өлеңмен ән айтамын!» мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Аталған іс-шарада туған өлке туралы өлеңдер айтылып, Қазақстан табиғатының байлығы мен әсемдігі, қазақ халқының қонақжайлылығы, бай мәдени мұрасы насихатталып, туған жерге деген сүйіспеншілік жырланды.
Отансүйгіштік, туған өлкеге деген мақтанышқа толы өлең жолдары қатысушылар мен көрермендердің жүрегінде терең із қалдырғаны сөзсіз.
Байқауда таланттар белгілі болып, жеңімпаздар анықталды. Іс-шара қорытындысы төмендегідей: I орын - Екименко Мария 24-РЯ-1 тобы, II орын - Коротина Мария, 24-НО-1 тобы және Абдрахманова Малика 22-РЯ-1 тобы, III орын - Важнина Карина, Слаутина Анна 22-НО-1 тобы және Тұрсынбай Нұршақ.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!