Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

«Абай атындағы ШҚГК аруы» байқауы

Конкурс «Мисс ВКГК имени Абая» Конкурс «Мисс ВКГК имени Абая» Конкурс «Мисс ВКГК имени Абая» Конкурс «Мисс ВКГК имени Абая»

4 марта 2026 08:03

Количество просмотров: 103


2026 жылдың 4 наурызы күні колледжде ең әдемі мерекенің қарсаңында жарқын әрі есте қаларлық «Абай атындағы ШҚГК аруы» сұлулық пен талант байқауы өтті. Іс-шара шын мәнінде сұлулықтың, әсемдіктің, шығармашылық пен шабыттың мерекесіне айналды. Байқауға колледждің ең белсенді, талантты және сенімді студенттері қатысты. Әр қатысушы өз бағдарламасын дайындап, тек сыртқы сұлулығын ғана емес, интеллектін, актерлік шеберлігін, шығармашылық қабілеттері мен сахнада өзін ұстау өнерін көрсетті. Байқау бағдарламасы бірнеше кезеңнен тұрды:

1 кезең — «Менің ерекше қасиетім формуласы». Әрбір қатысушы өз таланттарын ашып, өз ерекшелігін көрсетті.

2 кезең — «Интеллект трендте». Эрудицияны, тапқырлықты және жылдам әрі шығармашыл ойлай білу қабілетін тексеру.

3 кезең — «Күнделікті өмір өнері». Қатысушыларға картопты ұқыпты тазалау, түймені дұрыс тігу және тұрмыстық сұрақтарға жауап беру тапсырылды — олар бұл міндеттерді лайықты орындады.

Байқау қорытындысы:

·       Колледж аруы – 2026 — Құлжабекова Меруерт Дидарқызы (24-ФК-1 тобы);

·       Вице-мисс — Жугунисова Айгерім Бахтияровна (25-ФК-1 тобы);

·       Талант аруы— Никифорова Дарья Васильевна (23-НО-1 тобы);

·       Стиль аруы — Жәнібекова Әмина Жәнібекқызы (24-НО-1 тобы);

·       Элегант аруы — Амирова Дильназ Қайратқызы (24-НО-1 тобы);

·       Грация аруы — Голышева Маргарита Сергеевна (25-СЖ-1 тобы);

·       Тартымдылық аруы — Какимжанова Еркежан Ержановна (25-ББ-1 тобы);

·       Көрнекті ару — Кажимканова Айымгүл Руфатқызы (25-Ин-яз-1 тобы).

Барлық қатысушылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Көрермендер қатысушыларды ыстық қошеметпен қолдады, ал қазылар алқасына ең лайықтысын таңдау оңай болған жоқ. Барлық қатысушылар өзін жарқын және ерекше қырынан көрсетті, жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді.