Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

«Ауған соғысының жаңғырығы» дөңгелек үстелі

Круглый стол «След Афганской войны» Круглый стол «След Афганской войны» Круглый стол «След Афганской войны» Круглый стол «След Афганской войны»

25 февраля 2023 04:02

Количество просмотров: 1542


Биылғы жылы Кеңес әскерлері Ауғанстаннан кеткеніне 34 жыл толады. Осы әскери қақтығысқа көптеген қазақстандықтар қатысты. Сол соғыстан көптеген қазақстандықтар оралмады. Бүгінгі таңда жас ұрпақтың қаза тапқандарды құрметтеуі, сол әскери операциялардың егжей-тегжейін білуі өте маңызды.

2023 жылғы 24 ақпанда «ШҚО кәсіптік білім беру орталығы» КММ қолдауымен «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК-да Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері үшін Ауған соғысының жауынгерлері Курумбаев Амангельды Кулумбетович, Селиванов Михаил Анатольевичтің қатысуымен «Ауған соғысының жаңғырығы» атты дөңгелек үстел өтті.

Интернационалист-жауынгерлермен кездесудің мақсаты: Ауғанстанда соғысқан интернационалист-жауынгерлердің Отан алдындағы борышын орындау кезінде қаза тапқан жауынгерлердің отансүйгіштігін, қайтпас қажырлығын, батырлығын өскелең ұрпаққа жеткізу, интернационалист жауынгерлерге деген құрметті арттыру, жастардың бойында жоғары адамгершілік пен рухани мәдениетті қалыптастыру.

Колледж студенттері Ауған соғысы туралы сұрақтар қойып, соғыстан оралған сарбаздардың аузынан әңгімелер тыңдады.