Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

«Ауған соғысының ізі» дөңгелек үстелі

Круглый стол «След афганской войны» Круглый стол «След афганской войны» Круглый стол «След афганской войны»

28 февраля 2024 05:02

Количество просмотров: 157


2024 жылдың 28 ақпанында «Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы» қоғамдық бірлестігі және колледждің ұйымдастырумен Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ауған соғысының ізі» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінің, Өскемен көпсалалы колледжінің, Экономика және қаржы колледжінің, Жоғары политехникалық колледждің және Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенттері мен оқытушылары қатысты.

Ауған соғысының ардагерлері Селиванов Михаил Анатольевич және Құрымбаев Амангелді Құлымбетұлы   іс-шараның құрметті қонағы болды. «Қазақстандықтардың Ауған қақтығысына қатысуы», «Ауған соғысының себептері, салдары» сияқты сұрақтар төңірегінде ой қозғады.