Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Дөңгелек үстел «Уақыт сабақтары: Тәуелсіз Қазақстанға қызмет ету»

Круглый  стол  «Уроки времени: Служение суверенному Казахстану» Круглый  стол  «Уроки времени: Служение суверенному Казахстану» Круглый  стол  «Уроки времени: Служение суверенному Казахстану» Круглый  стол  «Уроки времени: Служение суверенному Казахстану» Круглый  стол  «Уроки времени: Служение суверенному Казахстану»

20 октября 2025 11:10

Количество просмотров: 102

2025 жылдың 20 қазаны күні Республика күніне орай оқу орнымызда «Уақыт сабақтары: Тәуелсіз Қазақстанға қызмет ету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның құрметті қонағы ретінде прокуратура ардагерлер кеңесінің төрағасы Найзабаев Газиз Ташенович қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар «Нағыз отансүйгіш болу деген не?», «Неліктен әрбір азамат Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға міндетті?» сынды маңызды тақырыптарды талқыланып, басқа да өзекті мәселелер сөз болды.

Газиз Ташенович өзінің 25 жылдық прокурорлық тәжірибесінен өмірлік сабақтар мен тағылымды оқиғаларымен бөлісті. Ол көптеген марапаттардың иегері: «Прокуратураның құрметті қызметкері», «Құрметті заңгер», «Мінсіз қызметі үшін» медалі, «Прокуратура ардагері», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 30 жыл» медальдары және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алғыс хаты.

Аталған дөңгелек үстел оқу орнымыздың Студенттер ассамблеясының ұйымдастыруымен өтіп, жастарға азаматтық-отансүйгіштік тәрбие берудің жарқын үлгісіне айналды.