Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Дөңгелек үстел

Круглый стол Круглый стол Круглый стол Круглый стол Круглый стол Круглый стол Круглый стол

27 апреля 2023 02:04

Количество просмотров: 2943


2023 жылдың 27 сәуірі күні Ұстаздар үйінде ШҚО орта және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына зор үлес қосқан дарынды ғалым, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Серік Зайтанұлы Тайбагаровты еске алуға арналған «Білім көшбасшысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына С.З.Тайбагаровтың «Мектеп-колледж- ЖОО» идеясы бойынша ашқан лицейі, колледжде, кәсіби сыныптарда бірге жұмыс істеген педагогтар, ғалымдар, оқытушылар мен студенттер де қатысты.

Дөңгелек үстелде колледж директоры, т.ғ.к. Ф.Курманов «Ұлағатты ұстаз, дарынды басшы» тақырыбында баяндама жасады.

Сондай-ақ, біздің колледж студенттері «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ-дың оқу кабинеттері, зертханаларымен танысты. Оқу орнымыздың С.З.Тайбагаров атындағы шәкіртақы иегері 4-иняз-1тобының білім алушысы Қайролданова Айтолқын«Білім берудегі көшбасшылық мәселелері» жөнінде ой бөлісіп, пікір алмасты. Іс-шараға қатысушыларға алғысхаттар, студенттерге сертификаттар табысталды.