27 февраля 2025 09:02
Количество просмотров: 1254
2025 жылдың 27 ақпаны күні «Педагогика-психология» апталығы аясында Құмаш Нұрғалиұлының 100 жылдық мерейтойына арналған «ҚСРО халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиұлының өмірі мен қызметі, жаңашыл идеялары» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты: КСРО халық ағарту ісінің үздігі, жаңашыл-педагог, ұлы ұстаз Құмаш Нұрғалиұлының білімді дамытуға қосқан үлесі мен ұлттық педагогиканың қалыптасуына тигізген зор еңбегін дәріптеу.
«Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы, «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігінің 3-курс (22-шт-1 тобы) студенттері аңыз адам, ұлт ұстазы Құмаш Нұрғалиұлы туралы қызықты ақпараттарды ортаға салды.
Дөңгелек үстелге 3-курс (22-шт-2, 22-ИМ-1 тобы) студенттері қатысты.