4 мая 2026 08:05
Количество просмотров: 16
2026 жылдың 4 мамыры күні Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрында оқу орнымыздың «Театрдағы бір күні» атты мәдени іс-шарасы жоғары деңгейде өтті. Бұл күн оқытушылар мен студенттер үшін есте қаларлық әрі рухани мазмұны бай ерекше күндердің біріне айналды.
Шара барысында көрермендерге Шыңғыс Айтматовтың «Шынарым менің, шырайлым менің» қойылымы ұсынылып, ерекше әсер қалдырды. Қойылымдағы кейіпкерлер тағдыры, шынайы сезімдер мен терең мағына көрерменді ойға жетелеп, жүректеріне ерекше әсер сыйлады.
Өсіп келе жатқан жас ұрпақ үшін классикалық шығармалармен танысудың маңызы зор екені сөзсіз.