Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

«Ай қонағы» әдеби-танымдық бағдарламасы

Литературно-познавательная программа «Ай қонағы» Литературно-познавательная программа «Ай қонағы» Литературно-познавательная программа «Ай қонағы» Литературно-познавательная программа «Ай қонағы» Литературно-познавательная программа «Ай қонағы» Литературно-познавательная программа «Ай қонағы» Литературно-познавательная программа «Ай қонағы» Литературно-познавательная программа «Ай қонағы» Литературно-познавательная программа «Ай қонағы»

8 октября 2025 03:10

Количество просмотров: 425

2025 жылдың 8 қазаны күні оқу орнымызда дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Ай қонағы» әдеби-танымдық бағдарламасының қонағы ретінде ақын, аудармашы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет және Ақпарат салаларының үздігі Саят Қамшыгер және А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының қызметкері Абылгазинова Гулбаршын Тлегенқызы шақырылды.

Іс-шараға колледждің «Қазақ тілі мен әдебиеті» біліктілігінің 1-2 курс студенттері мен пән оқытушылары қатысты.

Кездесу барысында ақын Саят Қамшыгер өзінің шығармашылық жолы, балалық шақтағы әдебиетке деген қызығушылығы және қазіргі қазақ поэзиясының беталысы жөнінде әңгімеледі. Студенттер мен оқытушылар қонаққа өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Саят Қамшыгерұлы кездесу кезінде өзінің бірнеше туындыларын нақышына келтіре оқып, шығармашылықтан шабыт алудың сырларымен бөлісті. Сонымен қатар, әдеби аударма, тіл мәдениеті, қазіргі қазақ жырының көркемдік сипаты жөнінде де қызықты ойларымен бөлісті.

Ал Гулбаршын Тлегенқызы жастарды кітап оқуға баулудың маңыздылығын, кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту жолдарын тілге тиек етті.

Кездесу өте жылы, мазмұнды, әсерлі өтті. Студенттер қонақтардың әңгімесінен шабыт алып, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыра түсті.