Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Әдеби квест

Литературный квест Литературный квест Литературный квест Литературный квест Литературный квест Литературный квест Литературный квест

26 ноября 2024 04:11

Количество просмотров: 1579


26 қараша 2024 ж. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пән бірлестігінің «Халықтың мәңгі ғұмыры – ана тілінде» тақырыбындағы апталық жоспарына сәйкес оқу орнымыздың пән бірлестік оқытушылары арасында «Әдеби квест» зияткерлік ойыны ұйымдастырылып, өткізілді.

Зияткерлік ойынның мақсаты – есімдері атаулы кабинеттерге берілген танымал тұлғалар: А.Құнанбайұлы Қ.Нұрғалиев, А.Ислямов, Қ.Бітібаевалардың шығармашылық, педагогикалық мұраларын насихаттай отырып, қатысушыларды өзара ынтымақтастықта жұмыс жасауға шақыру, жағымды интеллектуалды орта құру.

Әдеби квест 5 бекеттен тұрды. (Әр бекетте тапсырма беріліп отырды). Бекеттер 202 кабинетте (Қ.Бітібаева атындағы атаулы кабинет), 203 кабинетте («Абайтану» кабинеті), 207 кабинетте (Қ.Нұрғалиев атындағы атаулы кабинет), 104 кабинетте (А.Ислямов атындағы атаулы кабинет), 113 кабинетте (Колледж мұражайы) өтті.

Ойынға 5 команда қатысып, 3 үздік команда анықталды.

Жеңімпаздарды кезекті жеңістерімен құттықтаймыз!