24 октября 2024 01:10
Количество просмотров: 1838
Білім күні қарсаңында елімізде дәстүрлі «Үздік педагог» байқауы ұйымдастырылды. Үш кезеңнен тұратын байқауға оқу орнымыздан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші, білікті ұстаз Акимбаева Жанар Нұрланқызы қатысты.
Жанар Нұрланқызы екі кезеңнің қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинап, республикалық кезеңге жолдама алды. Байқаудың қорытындысы бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, жеңімпаз атанды.
Бүгін елордасы - Астана қаласында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Бейсенбаев Ғани Бектайұлының қатысуымен Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында «Үздік педагог – 2024» республикалық байқауының салтанатты марапаттау кезеңі өтті. Салтанатты жиында әріптесімізге төсбелгі табысталды.
Ғасырды еңсерген тарихы бар оқу орнымыз үшін екі жыл қатарынан «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы атану – үлкен абырой. Оқу орнымыздың ұжымын, бірінші басшысын және әріптесімізді лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!